Дәмді, өте пайдалы ЧЕЧЕВИЦА сорпасы/Вкусный,полезный ЧЕЧЕВИЧНЫЙ суп/Қазақша рецепт/Нурбиби

45 Просмотры
Издатель
Салеметсиздерме! Бугин оте пайдалы,дамди тез дайындалатын чечевица сорпасын дайындайтын боламыз, Чечевица казакша-ЖАСЫМЫҚ
РЕЦЕПТ
Тауык ети 600 гр
Чечевица 300 гр
Картошка 2 дана
Сабиз 1 дана
Пияз 1 дана
Томат пастасы 0,5 ш,к
Тұз
калауыныз бойынша сарымсак
Жасымық бұршағының құрамында бізге күш пен энергия беретін көмірсулар көп болады. Соның арқасында жасымықтан жасалынған тағамдар өте тойымды. Сол себепті жасымық ет сияқты ақуызы мол. Сонымен қатар жасымықтың ақуызы ағзамен жеңілірек қабылданады. 

Жасымық бұршағы әйел денсаулығына өте қажетті темірге де өте бай. Жасымық ботқасының бір тәрелкесінде адамға бір күнде қажетті фоли қышқылының 90 пайызы бар. Ол әсіресе аяғы ауыр болашақ аналарға керек.

Сонымен қатар жасымық бұрышы басқа да макро және микроэлементтерге, оның ішінде: мырыш, марганец, селен, йод, фтор, фосфорға бай. 

Жасымықтағы кездесетін дәрумендер де аз емес: А, Е, РР және В тобының дәрумендері. 
Атап өткен фоли қышқылының жасымықта көп болуы жүкті әйелдерге өте пайдалы, ол іштегі нәрестенің дұрыс қалыптануына септігін тигізіеді.

Жасымық – мықты антиоксидант. Оның құрамындағы изофлавон атты заттар қатерлі ісік сынды өте ауыр дерттердің алдын ала алады.  

Бұл бұршақтың түріндегі клетчатканың молдығы ас қорыту жүйесіне көмектесіп, асқазан мен ішекте бола алатын аурулардың алдын алады. 

Атап өткен дәрумендер мен минералдар жалпы иммунитетті берік қылып, денсаулыққа жақсы әсерін береді.

Жасымық жүрек-тамыр жүйесімен қиындықтары бар, диабетке шалдыққандарға да пайдалы: оның кейбір қасиеттері қандағы қант мөлшерін азайта алады. 

Ал жасымық ұнын косметикалық дауаларда, теріні түрлі кемшіліктерден емдеу үшін қолданады. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/12031/
Категория
Супы
Комментариев нет.